Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
ҚР ҚМ-нің аудандық пайдалану бөлімдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

30 күнтізбелік күні

Қызметтің толық атауы
Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушыда отбасы мүшелері болған кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін) некеге тұру (некені бұзу) туралы, балалардың тууы туралы куәліктер.
  3. Баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпарат (көрсетілетін қызметті алушыда және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы).
  4. Жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтама.
  5. Егер көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй берілген жағдайда бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйді тапсырғаны туралы анықтама.
  6. Кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын отбасы мүшелері болған кезде денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулар тізімі бойынша).
  7. Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады.
  8. Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады.
  9. Жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өзі тұратын тұрғын үй-жайға техникалық паспорттың (бар болған кезде) және құқық белгілейтін құжаттың көшірмелерін қосымша ұсынады (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде).
  10. Егер көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігіне байланысты оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат берген жағдайда тұратын тұрғын үйдің алаңын растайтын құжаттардың көшірмелері.
  11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының 44-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерін пайдалануды растайтын құжаттардың көшірмелері.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Есепке қою күнін және кезектің реттік нөмірін көрсетумен қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама не қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама беру.