Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
«64615 әскери бөлімі» республикалық мемлекттік мекемесінің, «01826 әскери бөлімі» - РММ
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):

1. Қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілген шекті шығарындылары мен жол берілген шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін​:

  • өтініш;
  • қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілген шекті шығарындылары мен жол берілген шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобасы.

2. Санитариялық қорғалған аймақ, санитариялық қорғау аймақтары нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

  • өтініш;
  • санитариялық қорғалған аймақ, санитариялық қорғау аймақтары нормативтік құжаттамасының жобалары.

3. Шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

  • өтініш;
  • шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобасы.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.