Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензияны немесе лицензия телнұсқасын алуда  –сырадан басқа алкоголь өнімін өндіруге - 3000 АЕК

Сыраны өндіруге - 2000 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеуде  – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды

Лицензияның телнұсқасын беру кезінде - 100% ставка

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру - 12 жұмыс күні

Лицензияны қайта ресімдеу  – 3 жұмыс күні

Лицензия телнұсқаларын беру – 2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Лицензия алу үшін:

  1. Өтініш 1 немесе 2.
  2. ЭҮТШ арқылы төлем жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Алкоголь өнімін өндірушілермен бекітілген және әзірленген өндіріс паспорты.
  4. Арақ және ерекше арақ және ликер арақ бұйымдарының қажетті көлемін әзірлеуге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану-техникалық сипаттамаларын қамтитын жабдық паспорттарының қосымшаларын қоса берумен өндірілген өндірістік қуаттылықты есептеу.
  5. Ұйым теңгеріміндегі технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік құжаттардың) көшірмелері (оригинал-корпорацияға).
  6. Алкоголь өнімі өндірісі саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

  1. Өтініш 1 немесе 2.
  2. ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжат.
  3. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі болатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз ретінде қызмет ететін өзгертулер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері (оригинал-корпорацияға).

Лицензияның телнұсқасын алу үшін:

  1. Еркін нысандағы өтініш.
  2. ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы немесе  қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделенген жауап.