Еуразиялық экономикалық одағында тауарларды экспоррттау (импортау) кезінде салық нысандарын қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қағаз тасығышта – оны берген сәттен бастап 20 минут ішінде;

Электронды түрде – мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесі оны қабылдаған сәттен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей

Қызметтің толық атауы
Еуразиялық экономикалық одағында тауарларды экспоррттау (импортау) кезінде салық нысандарын қабылдау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым"  батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.salyk.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. cabinet.salyk.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Жоспарланған уақыт аралығында сұраныстың күйін CТК сайтындағы салық есептілігі журналында тексеріңіз.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  арқылы алу (қажетті құжаттар): 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге тауарларды экспорттау немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде көрсетілетін қызметті алушы – қосылған құн салығын төлеуші:

  1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация.
  2. Өтініш.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей бір мезгілде мынадай құжаттарды табыс етуге міндетті:

  1. Қағаз тасымалдағышында (төрт данада) және электронды түрде не тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы электронды түрде өтінішті (өтініштерді).
  2. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың нақты төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалғанын растайтын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе салықты төлеу мерзімін өзгерту құқығы берілгенін растайтын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті берген өзге құжатты немесе ҚҚС босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді,бұл ретте аталған құжаттар ҚҚС төлеудің өзге тәртібі кезінде, сондай-ақ салық төлеуші көрсетілген артық төлем сомасын басқа салық және төлем түрлері бойынша есепке жатқызуға немесе есеп шотына қайтаруға өтініш бермеген болмаса, импортталған тауарлар бойынша ҚҚС бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызуға жататын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС дербес шоттарында артық төлем болған жағдайда табыс етілмейді;
  3. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттар, егер тауарларды өткізудің жекелеген түрлері үшін, оның ішінде көлік құралдарын пайдаланусыз тауарларды мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жағдайда табыс етілмейді.
  4. Егер шот-фактураларды (үзінді көшірме) жазып беру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды.
  5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттарын (келісімшарттарын), зат түрінде қарыз берілген жағдайда – қарыз шарттарын, тауарларды дайындау туралы шарттарды (келісімшарттарды), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттарды (келісімшарттарды).
  6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі, не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекет аумағынан импортталған тауарларды өткізетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің (басшының (дара кәсіпкердің) қолы қойылған және ұйымның мөрімен куәландырылған) салық төлеушісі берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі туралы мәліметтер және импортталған тауарды алғаны туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы үшінші мемлекеттің алушысымен жасалған шарт (келісімшарт) туралы ақпараттық хабарламаны, егер мәліметтер осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда хабарлама табыс етілмейді.
  7. Комиссия шарттары (келісімшарттары) немесе тапсырмалар (олар жасалған жағдайда).
  8. Олардың негізінде комиссия кепілдік шарттары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттарды (келісімшарттар) немесе тапсырмаларды табыс етеді.

Бөлшек саудамен сатып алу-сату жағдайында осы тармақтың төртінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) ұсынылады.

Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) – 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

Егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін басталған жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

Кейіннен импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.

Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (өтініштер) электрондық нысанда ғана ұсынылған кезде осы тармақтың төртінші бөлігінің 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) келу тәртібінде қағаз тасымалдағышында табыс етілген салық нысандарын қабылдау туралы Мемлекеттік корпорацияның белгісі;

2) почта немесе өзге байланыс ұйымының салық есептілігінің қабылданғаны туралы уақыты және күні көрсетілген белгісі;

3) көрсетілетін қызметті берушінің салық есептілігін электрондық түрде қабылдағаны туралы хабарлама/растау;

4) салық органының тиісті белгіні қою жолымен, тауарларды әкелу туралы мәлімдемеде импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу және жанама салықтарды төлеу фактін растауы;

5) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.