Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі
Тегін
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою – 1 жұмыс күні ішінде:
- бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап – жаңа тіркелген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары үшін;
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігін ауыстыру – 3 жұмыс күні ішінде.
ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару не немесе ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту – салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
- CТ санатын және мемлекеттік салық басқармасын көрсетіңіз.
- Cалық төлеушінің атын көрсетіңіз және өтініш берудің себебін таңдаңыз.
- ЭЦҚ жолын көрсетіңіз.
- Қызметтің күйін көру үшін күй бетіне өтіңіз.
- Шығу нысанын көру үшін құжатқа сілтеме бойынша жүріңіз.
Қызметті қызмет берушіден алу (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы (резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер) жүгінген кезде:
- ҚС бойынша тіркеу есебіне қою, ҚҚС куәлігін ауыстыру, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару үшін – осы нысан бойынша салықтық өтініш.
- ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару үшін – ҚҚС бойынша тарату декларациясы.
Қызмет көрсету нәтижесі
2) ҚҚС куәлігін ауыстыру.
3) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару.
4) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.