Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

30 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметтерді алу үшін сізде eokno.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. eokno.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "Экспорттық-импорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасының бірыңғай терезесі" порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш. 
  2. Шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесі.
  3. Өздерінің негізінде құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданатын құжаттар (жұмыс істеу қағидаты мен функциялар көрсетіле отырып, тауардың және оның құрауыштарының техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсілінің сипаттамасы, тауар және оның құрауыштары өндірілген материалдардың сипаттамасы, жинау сызбалары, схемалар, мүмкін болса тауардың фотосуреттері, оны өндірушілердің каталогтары, бейнематериалы, егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі).
  4. Жеке басын куәландыратын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиямен әкелу болжанған, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімін, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.