Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия :

брокерлік қызмет – 30  АЕК;

 дилерлік қызмет – 30 АЕК;

 инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет – 30 АЕК;

 кастодиандық қызмет – 30 АЕК;

  трансфер-агенттік қызмет – 10 АЕК;

  бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет – 10 АЕК;

  қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызмет - 40 АЕК ;

Қайта тіркеу - лицензия беру кезінде ставканың 10%

Лицензия телнұсқасы - лицензия беру кезінде ставканың 100%

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия - 30 жұмыс күн;

Қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күн;

Көрсетілетін қызметті алушының бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуы жағдайында лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;

Телнұсқасы - 2 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы
Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.