Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлігін берген кезде – 15 жұмыс күні.

Куәлікті қайта ресімдеу кезінде мынадай жағдайларда:

Егер газ желісі ұйымында екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болса, газ толтыру станцияларының бірін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иеленуді тоқтату – 5 жұмыс күні.

Рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізу – 15 жұмыс күні.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мәліметтерді газ желісі ұйымдарының тізіліміне енгізген кезде, жалдау немесе сенімгерлік басқару шарты негізінде оны жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ толтыру станциясын пайдалануды ұзартуды растаған кезде және жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-беру актісі – 7 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Куәлік, қайта ресімделген куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.