II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын шығару туралы:
II санаттағы объектілер үшін 30 жұмыс күні, оның ішінде: 15 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушімен дәлелді ескертулер жіберу; көрсетілетін қызметті алушының дәлелді ескертулерді алған күннен бастап пысықталған құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде ұсынуы;
III және IV санаттағы объектілер үшін 15 жұмыс күні, оның ішінде: 7 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушімен дәлелді ескертулер жіберу; көрсетілетін қызметті алушының дәлелді ескертулерді алған күннен бастап пысықталған құжаттарды 3 жұмыс күні ішінде ұсынуы.

Қызметтің толық атауы
II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.