I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - 45 жұмыс күні, соның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау 25 жұмыс күні ішінде, ескертулер берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қайта пысықталған құжаттарды ұсыну;
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен бірге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру - 45 жұмыс күні, соның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау 25 жұмыс күні ішінде, ескертулер берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қайта пысықталған құжаттарды ұсыну.

Қызметтің толық атауы
I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен бірге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.