Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту – алым мөлшерлемелері мөлшеріне сәйкес ақылы негізде көрсетіледі;

Шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсаттарды қайта ресімдеу, сондай-ақ ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру, мерзімін ұзарту, қайта ресімдеу – тегін.

Қызмет көрсету мерзімі

Рұқсат беру:

рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы хабарлама  –  8 жұмыс күні;

рұқсат беру – 11 жұмыс күні ішінде;

рұқсатты қайта ресімдеу  – 6 жұмыс күні.

Рұқсатты ұзарту:

рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы хабарлама – 4 жұмыс күні;

рұқсат беру – 11 жұмыс күні.

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде:

рұқсат беру – 8 жұмыс күні;

рұқсатты қайта ресімдеу – 6 жұмыс күні;

рұқсатты ұзарту  – 6 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген қайта ресімделген рұқсат және ұзартылған рұқсат не негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.