Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Cтационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

60 минут

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін).

Қызметтің толық атауы
Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

Онлайн қызметін қалай алуға болады:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар): 

  1. Жеке басты куәландыратын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде - нысан бойынша стационарлық науқастың медициналық картасынан қағаз түрінде үзінді.

2) Порталда – жеке кабинетте электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама.