Негізгі орта, жалпы орта беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Негізгі орта, жалпы орта беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Өтінішке келесі құжаттарды тіркеу қажет:
  • Денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін – 035-1/у нысанында дәрігерлік-консультативтік комиссияның электронды қорытындысы;
  • Барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша «4» және «5» деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі;
  • Білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкен жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы;
  • Білім алушы шетелге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаты.

4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі  немесе  өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады.