Білім туралы құжаттарды тану

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттарды тану - 6 АЕК,

Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттарды тану - 8 АЕК,

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану - 10 АЕК,

Шетелде диссертация қорғаған адамдардың құжаттарын тану - 15 АЕК,

Білім туралы құжаттарды мойындау туралы куәліктің көшірмесін жасау/қалпына келтіру - 3 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі

Заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 15 жұмыс күні;
- Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінген кезде - 20 жұмыс күні.

Заңдастырылмаған немесе апостильденбеген білім туралы құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал/Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде - 30 жұмыс күні.

Заңдастырылған немесе апостильденген ғылыми дәрежелі дипломдарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі - 20 жұмыс күнін құрайды.

Комитеттің сараптама кеңесіне сараптамаға жіберілген жағдайда, мұндай өтініштерді қарау мерзімі - 48 жұмыс күнін құрайды.

Телнұсқа беру туралы өтінішті қарау мерзімі:

Портал арқылы жүгінген кезде - 7 жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Білім туралы құжаттарды тану

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  1. Құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде.
  2. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш.
  3. Білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (егер құжат толығымен шет тілінде болса) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжатының көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың электрондық / қағаз көшірмесін ұсынады. және оның қосымшалары, нотариалды куәландырылған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса), оның ішінде мөр таңбаларының аудармасын.

  1. Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін - білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар).
  2. Төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
  3. Егер білім туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасымен оқыған болса, бұйрықтың көшірмесін не тиісті ЖОО-ға жіберілген бұйрықтан үзіндінің көшірмесін қоса ұсынады.

Ғылыми дәрежелер, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері туралы дипломдарды тану туралы куәлік алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 23-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ақталған доктор құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы: 

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде.
  3. Қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостильденген немесе заңдастырылған дипломның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
  4. Нотариалды куәландырылған дәреже берілгені туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірме/қағаз көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (бар боған жағдайда).

Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 23-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына жататын болса, онда ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы:

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде;
  3. Қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостильденген немесе заңдастырылған дипломның нотариалды куәландырылған электронды көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
  4. Нотариалды куәландырылған дәреже берілгені туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірме/қағаз көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
  5. Шетелдік азаматтың ЖЖОКБҰ шақыруын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі/қағаз көшірмесі;
  6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметін растайтын, жұмыс орны куәландырған электрондық көшірме/қағаз көшірме.

Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 23-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына жататын болса, онда ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы:

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде;
  3. Қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостильденген немесе заңдастырылған дипломның нотариалды куәландырылған электронды көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
  4. Нотариалды куәландырылған дәреже берілгені туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірме/қағаз көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);

Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген тұлғалар санатына жатпаған жағдайда, онда ғылыми дәреже, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы:

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде.
  3. Қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостильденген немесе заңдастырылған дипломның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
  4. Нотариалды куәландырылған дәреже берілгені туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірме/қағаз көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда).
  5. Электрондық түрдегі диссертация (CD-диск). Шет тіліндегі диссертацияға авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (40 (қырық) мың баспа белгісінен кем емес) қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда зерттеудің нәтижелері, мақсаттары, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсынымдар көрсетіледі.
  6. "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" Акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҰМҒТСО) анықтамасы (еркін нысанда) және диссертация қорғалған елдің уәкілетті органының немесе ЖЖОКБҰ-ның диссертацияны плагиатқа тексеру жөніндегі анықтамасы (еркін нысанда, бар болған жағдайда).
  7. Жарияланымдар тізімі.

Көрсетілетін қызметті алушы телнұсқа алу үшін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынады:

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

- білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;
- білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;
- мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталға жүгінген кезде:

- электронды нысандағы білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;
- білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;
- мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.