Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5  жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш
  2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
  3. Қазақстан Республикасының аумағында мәлімделген мамандық бойынша білімі туралы, интернатураны немесе резидентураны не клиникалық ординатураны (олар бар болса) бітіргені туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережелеріне сәйкес берілген құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік. Қазақстан Республикасының аумағында білім беру ұйымдарын бітірген қызмет алушының медициналық білімі туралы дипломын және өтініш берілген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжатты (олар болған кезде).
  4. Шетелдік маман тұрған елде берілген мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практиканы жүзеге асыру құқығын растайтын құжат. Көзделген құжатты жұмысқа алғаш қабылданатын тұлғалар ұсынбайды.
  5. Жалпы көлемі 108 сағаттан кем емес, соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжатта. Көзделген құжатты тұлғалар оқу орнын тәмамдаған күнінен бастап бес жыл өткенге дейін ұсынбайды. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметінде бес жылдан астам үзілісі бар адамдар сертификат алу үшін мәлімделген мамандық бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттырудан өтеді. Көзделген құжатта сағаттар көрсетілмеген жағдайда есептеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының 15-тармағына сәйкес жүргізіледі.
  6. 2016 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат. Көзделген құжатты оқу орнын тәмамдаған жұмысқа алғаш қабылданатын тұлғалар ұсынбайды.
  7. Жұмыс берушіге (денсаулық сақтау ұйымы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары берген, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат. Көзделген құжатты Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетел жұмысшылары ұсынбайды.
  8. Атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін ауыстыру туралы немесе неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін өзгерткен шетелдік тұлғалар үшін білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін ауыстыру туралы құжат.

Шет тілінде берілген құжатқа қосымша мемлекеттік немес орыс тілдерінде нотариалдық куәландырылған аудармасы ұсынылады.

Қызмет алушылар сертификат алуға құжаттарды Қағидалардың осы тармағына сәйкес тізбе бойынша қолда бар сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын тапсырады.

Семинарлар, тренингтер (мастер-кластар) шеңберінде шақырылған клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін шетелдік мамандарды жіберу үшін

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.