Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті Мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  2. Құжаттарды қабылдау туралы қолхат;
  3. Автомобильдің конструкциясына өзгерістер енгізу бөлігінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу;
  4. Тиісті сынақтар өткізе отырып, аккредиттелген зертханадан құжаттар;
  5. Конструкциясына енгізілген өзгерістермен көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру үшін техникалық қарап тексеру орталығынан диагностикалық карта.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру немесе дәлелді бас тарту.