"Blockchain ҚҚС" ақпараттық жүйесі -

 

салық төлеушілердің қаржылық транзакцияларының тізбегін лезде қадағалауға және оларға ҚҚС кепілді кері қайтаруды жүргізуге мүмкіндік беретін орталықсыздандырылған деректер қорын қалыптастыруға арналған жүйе.

Жобаның мақсаты:

"Blockchain технологиясын қолданумен ҚҚС әкімшілендіруді" іске асыру, ол ҚҚС әкімшілендірумен байланысты бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған, оның ішінде:

• Экспорттаушылар үшін ҚҚС қайтару рәсімінің күрделілігі;

• Ел ішінде сататын компаниялар үшін ҚҚС қайтару мүмкін еместігі;

• ҚҚС жинаудың болмашы деңгейі.

 

Сайтқа сілтеме

 

"Invest Online" -

 

арнайы әзірленген өнім (мобильдік қосымша), ол арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары қаражатты бағалы қағаздарға онлайн режимде инвестициялай алады.

Мақсаты:

Жеке тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкінің ноталарына ақшаны дербес инвестициялауы үшін қарапайым және тегін құрал.

 

Сайтқа сілтеме

 

Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі -

 

Әкімшілік өндірістердің бірыңғай базасын құру, хаттамаларды онлайн ресімдеу және жергілікті жерде айыппұлдарды төлеу.

 

Жобада әкімшілік өндірістің барлық процесі автоматтандырылды: іс қозғаудан бастап және әкімшілік жазаны орындауға дейін.

Жыл сайын 64 мемлекеттік орган әкімшілік жаза қолдану туралы 4 млн.астам хаттаманы жазады, 54 орган әкімшілік істерді қарайды.

Мақсаты:

• Азаматтарға жылдам, ашық және заңды әкімшілік процесті қамтамасыз ету

• Әкімшілік істің барысын бақылау мүмкіндігі

• Айыппұлды тез және ыңғайлы төлеу

 

Сайтқа сілтеме