Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару нысанын таңдау үшін электронды дауыс беру: Тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік

Қызметті онлайн түрінде қалай алуға болады

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметті алу үшін сіз www.kezekte.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
  2. www.kezekte.kz сайтында меншік иелерінің жиналысын шақыруға бастамашылық жасайды және жиналыстың күн тәртібін бекітеді.
  3. Меншік иелерінің дауыс беруі аяқталғаннан кейін меншік иелері жиналысы хаттамасын қалыптастырады және оны ЭЦҚ қол қояды (электрондық цифрлік қолтаңба).
  4. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуге өтінім тапсыру.

Қызмет көрсету нәтижесі

  1. Тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама - басқару нысанын тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігін таңдаған кезде.
  2. Дауыс беру хаттамасы -  басқару нысанын жай серіктестік таңдаған кезде.
  3. Тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігін тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.