Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күн 

Қызметтің толық атауы
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою

Қызметті онлайн алу үшін

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды бекіту:
  • жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;
  • жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіптік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);
  • отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, балалардың (бар болса) туу туралы куәліктерінің көшірмесі);
  • аурудың болмауын растайтын, азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтама және наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
  • тұрғын үймен пайдалану құқығын дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі (тұрғын үй мүлікке құқығы жоқ жағдайда);
  1. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Ата-анасының өтініші бойынша немесе мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы негізделген жауапқа сәйкес кандидат (үміткерлер) болу мүмкін (мүмкін емес) деп қорытынды жасауға даярлық туралы хабарлама.