Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Аумақтық полиция органдары
Қызмет құны

ҚР-нан шығу - 0,5 АЕК
ҚР-на кіру және ҚР-нан шығу - 7 АЕК
Бірнеше рет ҚР-на кіру және ҚР-нан шығу - 30 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күні
Портал арқылы жүгінген кезде - 30 минут

Қызметтің толық атауы
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қызметті онлайн қалай алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. ҚР визалық-көші-қон порталына (vmp.gov.kz/main/user/consul-service) өту.
  3. Визалық-көші-қон порталында авторизациядан өту.
  4. Жеке мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;
  2. ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайында виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаты;
  3. шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);
  4. мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
  5. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.

Визаларды беру негіздері Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталады.

Қосымша:

Визалардың барлық санатындағы визаларын ұзартуға:

  1. виза алу үшін Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес визалық сауалнама не көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі түсті не ақ-қара фотосуреті;
  2. паспорт;
  3. мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.

Қосымша:

Мемлекеттік бажды төлеуден босатылады:

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: Қазақстан Республикасына кіру / шығу үшін виза немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап;
2) порталда: электрондық құжат нысанында виза.