Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу

 

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызмет электрондық форматта қолжетімді

Қызметті порталда қалай алуға болады:
  1. Ізденуші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысанын толтырады.

Порталда өтінімді қабылдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Қызметті  Мемлекеттік органда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса).
  4. Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжат (бар болса).

Жеке куәлік пен деректер "еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізілгеннен кейін құжаттар ізденушіге қайтарылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы анықтама немесе  жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.