Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Жұмыспен қамту орталығы
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет беруші құжаттар пакетін тіркеген сәттен бастап  – 30 минут.

Порталда  - 1 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы
Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама алу

Қызметті онлайн алу 

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) жолдамамен танысу және Жұмыспен қамту басқармасына жүгіну.

 

  • Қызмет Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының және облыстық, аудандық орталықтардың тұрғындары үшін қолжетімді.
  • "Оралман" мәртебесі бар адамдарға портал арқылы өтініш беру қолжетімсіз.
  • Өтініш беруші тіркелген жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз адам ретінде тіркелген болуы тиіс (онлайн тіркелу).

 

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

Жастар практикасына жолдама алу үшін:

  1. 5-ші нысан бойынша өтініш.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алу үшін: 

  1. 6-шы нысан бойынша өтініш.

Қоғамдық жұмыстарға жолдама алу үшін:

  1. 7-ші нысан бойынша өтініш.

Қызмет көрсету нәтижесі

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:жұмысқа орналасуға жолдама,жастар практикасына жолдама,әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама,қоғамдық жұмыстарға жолдама не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.