Мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

8 жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы 5 жұмыс күні ішінде хабардар еуі үшін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күніне ұзартылады.

Порталда жәрдемақы тағайындау туралы жәрдемақы ау үшін – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут.

Қызметтің толық атауы
Мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Өтінімде «Қазпочта» АҚ немесе екінші деңгейдегі банкте («Халық банкі» АҚ) ашылған жеке шоттың нөмірін (IBAN) көрсету қажет.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі)

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
  4. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген).

Қажет болған кезде (болуына қарай) мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:

  1. Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі.
  2. Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі.
  3. Госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы.
  4. Он алты жасқа дейінгі мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).
  5. Неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршы) тегін өзгерткен кезде).

Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген кезде, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Порталда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.