Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының төлнұсқасын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға:
жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын алу үшін:
1) пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер, жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бірінші жұмыс күні;
2) жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері екінші жұмыс күні беріледі;
3) жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектілері үшінші жұмыс күні беріледі.

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.

Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды

  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ   бару.

Қазіргі уақытта төлем келесі аймақтар үшін қолжетімсіз:

Акмола облыстық МКД

Актөбе облыстық МКД

Алматы облыстық МКД

Атырау облыстық МКД

Шығыс-Қазақстан облыстық МКД

Жамбыл облыстық МКД

Батыс-Қазақстан облыстық МКД

Қарағанды облыстық МКД

Қызылорда облыстық МКД

Қостанай облысы бойынша МКД

Манғыстау облыстық МКД

Павлодар облыстық МКД

Солтүстік Қазақстан облыстық МКД

Түркістан облыстық МКД

Шымкент қалалық МКБ

Ақпараттық технологиялар паркі МКБ

Нұр-Сұлтан қалалық МКД

«Нұр-Сұлтан-жаңа қала» МКБ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

  • өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
  • жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша: 
  1. Техникалық паспорттың телнұсқасын беруге өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі
  3. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат.
  4. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес төлемді растайтын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасы.

Порталда - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.