Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 2 АЕК.

Соттың шешімі негізінде хабар-ошарсыз кетті деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен – 0,1 АЕК.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін – 0,5 АЕК.

Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден Ережеде санамаланған растайтын құжаттарды көрсеткен кезде босатылады.

Қызмет көрсету мерзімі

Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Қызметтің толық атауы
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қызметті онлайн алу

Зайыбын із-түзсіз жоғалған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектелген деп тану туралы сот шешімі күшіне енгенде, сондай-ақ зайыбын қылмыс жасағаны үшін 3 жылдан кем емес уақытқа бас бостандығынан айыру үшін

Кәмелетке толмаған ортақ балалары және мүліктік және өзге де шағымдар болмағанда өзара келісім бойынша

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі негізінде

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берілсе, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама, дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.