Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Қызмет құны

Бала тууды тіркеу - тегін

Туу туралы акт жазбасының өзгертілуіне, толықтырылуына, түзетілуіне және қалпына келтірілуіне байланысты куәлік бергені үшін - 0,5 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа – 2 жұмыс күні.

Баланың туған күнінен бастап 3 күн өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда - 7 жұмыс күн.

Қосымша тексеру қажет болған кезде - 30 күнтiзбелiк күн.

Азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 жұмыс күні ішінде (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

Порталда – өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

*Онлайн-қызметті 2008 жылдың 1 маусымынан бастап некеге тұрған азаматтар ала алады.

Қызметті онлайн алу (қажетті құжаттар)    

  1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен)  немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  4. Хабарламада көрсетілген уақытта АХАЖ-ға бару, өзімен бірге:

*Қазіргі сәтте қызмет мына жағдайда көрсетіледі

Қызметті Мемлекеттік органда немесе  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚта  алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
  3. Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды).
  4. Туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.

Шетелдіктер қосымша:

  1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебелеріне сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынады.
  2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады.
  3. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін көші-қон карточкасын ұсынады.
  4. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады.
  5. Қазақстан Республикасында уақытша болатын, азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында тiркелген құжатын ұсынады.
  6. Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

Баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда ұсынылады:

  1. Ата-анасының түсініктемесі.
  2. Баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа).
  3. Баланың тұратын жері бойынша, оның денсаулығы туралы анықтама, жүгінген кезден бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген (Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған екі айға жетпеген балаларды қоспағанда) .
  4. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат қоса берелді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
  3. Туу туралы куәлік (куәлік жоғалған жағдайда өтініште көрсету).
  4. Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар.
  5. Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат.
  6. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат.

Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші органға беріледі.

Он жасқа толған баланың анкеталық деректері өзгертілетін болса, оның жазбаша түрдегі келісімі қосымша ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса туу туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталда -  нәтиженің берілу күнінің белгіленуі туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.