Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Апостильдеу үшін - ақылы

Қызмет көрсету мерзімі

Электрондық нысанда:
- қосымша анықтау жұмыстарын жүргізген жағдайда (қызмет алушының сауалнамалық деректеріне ұқсас деректер болған жағдайда) – 5 жұмыс күні
- сауалнамалық деректері бойынша ұқсас деректер болмаған жағдайда – 10 минут

Қағаз тасымалдағышта (шетелге шыққан жағдайда):
- облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада орналасқан Мемлекеттік корпорацияның филиалдарының бөлімдерінен нәтижені алғанда - 5 жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорацияның филиалдарының басқа бөлімдерінен нәтижені алғанда - 10 жұмыс күні.

«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жинақтап қызмет алған жағдайда (бұдан әрі – «бір өтініш» ұстанымы бойынша қызмет) – 8 жұмыс күні:

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы дайындау – 5 жұмыс күні;

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы апостильдеу – 3 жұмыс күні

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

*Көрсетілетін қызметті алушыға қосымша анықтамалық тексеріс жүргізген жағдайда, 4 (төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін қайта жүгіну қажеттілігі туралы хабарланатын аралық жауап жолданады.

Қызметтің толық атауы
Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін).
  3. Нотариалды түрде куәландырылған сенімхат – көрсетілетін қызметті алушының мүддесін басқа адам білдірген кезде.
  4. Кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына анықтама алу кезінде туыстық байланыстарын растау үшін туу туралы куәлік (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушының бұрынғы анықтамалық деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні (күні, айы, жылы) бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама алу үшін ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы олардың ауыстырылғандығын растайтын құжатты ұсынады.

Кешенді қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Қызмет алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторымен берілген қызмет алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық сұрау толтыру, оның ішінде қызмет көрсету нәтижесін қағаз жүзінде алу үшін  Мемлекеттік филиал мекенжайын таңдаумен шетелге шығу үшін анықтама беру. Апостиль қою қажет болғанда шетел мемлекетінің атауы  қосымша  таңдалады («бір өтініш» ұстанымы бойынша қызметтің нәтижесін ұсынатын ел) және мемлекеттік баж салығы төленеді.

Мемлекеттік қызмет нәтижесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та беріледі.

«Бір өтініш» қағидаты бойынша кешенді қызмет жеке тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі (қызмет алушы).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады.

Құжаттарды апостильдегенде төлем жасау деректемелері: Астана  қаласының Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы, ж/ш- 108125, ҚР ҚМ kkmfkz2a е/ш kz24070105 ksn0000000 бин 981140001105 КНП 911, 991.

Қызмет көрсету нәтижесі

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру.

Басқа жеке тұлғаға соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру, мәліметтер сұратылып отырған адамға қатысты нотариалды расталған сенімхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Шет елге шығу үшін қағаз нысанда, оның ішінде апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы дайындауға сұрау салуды электронды түрде берген жағдайда, дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басты куәландыратын құжатының негізінде көрсетілетін қызметті алушының порталда таңдаған Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманың қағаз нысанда 1 (бір) айдың ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 2 (екі) ай ішінде әрі қарай сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының арызын және оған қатысты қағаз нысандағы құжаттарды, сондай-ақ оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) ай ішінде келмеген жағдайда қағаз нысандағы соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші оларды жеке номенклатуралық іске тігеді (қалыптастырады).

«Бір өтініш» ұстанымы бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі - апосиль мөртабанын қойып қағаз нысанда соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.