Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Тестілеу өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі.

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу

Құрметті Үміткерлер,

Астана және Алматы қалаларында тестілеуден өтетіндер!

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 2022 жылғы 01 шілдедегі № 05-05/45 "санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар өткізу туралы" Қаулысына сәйкес, Астана және Алматы қалаларында тестілеуден өтетін үміткерлер тестілеу залына барған кезде бетперде киюі тиіс.

Сондай-ақ, Астана қаласында тестілеу залына келген кезде ресми киім нысанын сақтауыңызды сұраймыз, киім киюге болмайтын адамдар Абай 33А мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ғимаратына жіберілмеуі мүмкін.

Сізге және сіздің денсаулығыңызға құрметпен және қамқорлықпен түсінгеніңіз үшін рахмет!

"Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы "АҚ

Қызметті онлайн алу

«Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар! Онлайн қызметті сұрау алдында заңнаманы білуге арналған тестілеу және жеке қасиеттерді бағалау бағдармаларымен танысыңыз.

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

*Аталмыш қызмет кәмелетке толған адамдар және зейнеткерлік жасқа жетпеген азаматтар үшін қол жетімді.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

Қызмет көрсету нәтижесі

Осы нысан бойынша сертификат, 9-қосымшаға сәйкес "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды немесе осы нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама.

Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуге шекті мән белгіленбейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.