Білім беруге ГРАНТТАРДЫ тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін

Қызметтің толық атауы
Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

НАЗАР аударыңыз! Білім беру гранттарын тағайындау туралы өтініш күнтізбелік жылдың 13-20 шілдесі аралығында қабылданады.

Электрондық үкімет порталында құжаттар тапсыру барысында қиындықтар кездескен жағдайда, Сізге ыңғайлы болу үшін жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдаулары іске қосылды.

Жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдаулары Сізге құжаттарды тапсыру барысында онлайн режимде көмек көрсетеді. Бұл үшін түсушілерге жоғары оқу орнының сайтына (өзіңіз таңдаған бір жоғары оқу орнына), одан әрі конференциялық жүйе арқылы онлайн кеңес беретін және Сізбен бірге конкурсқа құжаттарды тапсыратын жоғары оқу орны виртуалды қабылдауының сілтемесіне өту керек.

Құрметті талапкерлер!
Енді ЖОО-ның Виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы ЭЦҚ-сыз грантқа құжаттар тапсыру қызметі қолжетімді. Олардың байланыстарын Министрліктің @edu_news_qz телеграмма-арнасынан және ҚР БҒМ ҰТО-ның сайтынан жүктеп алуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша 1450 нөмірі бойынша колл-орталығына хабарласуға болады. Сондай-ақ, ҚР БҒМ сайтында бейне кеңес беру режимінде виртуалды ассистент функциясы қосылған.

Назар аударыңыз!!!

1) Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

2) Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері, Жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі:

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Қызмет бойынша өтінім беру нұсқаулықпен танысуға болады.

 Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Назар аударыңыз!!!

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алу кезінде кездесетін қиындықтарды ескере отырып, Білім және ғылым Министрі медициналық анықтамалық құжаттарсыз оқу орындарына құжаттарды қабылдауға уақытша рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.

«Электрондық үкімет» порталына онлайн өтініш берген кезде - медициналық анықтамаларды бекіту өрісі міндетті емес болып табылады.

Қажетті құжаттар:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы конкурсқа өтініш;
  2. білімі туралы құжаттың электрондық нұсқасы;
  3. 3х4 көлеміндегі сандық фото;
  4. дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық нұсқасы;
  5. "Елбасы медалі" ерекшелік белгісін тапсыру туралы куәліктің электрондық көшірмесі, халықаралық дипломның электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);
  6. көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжаттар (екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын растайтын құжаттар, мүгедектігі туралы анықтамалар және т. б.).
  7. Ағылшын тілінен халықаралық сертификат (TOEFL ITP,TOEFL iBT, TOEFL, IELTS) (бар болған жағдайда);
  8. Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы дипломдарының электрондық көшірмелері, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары;
  9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін ұсынады (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат болмаған жағдайда):
  • еңбек кітапшасының электронды көшірмесі;
  • жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімнің электронды көшірмесі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  • қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың электронды көшірмесі;
  • мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартының электронды көшірмесі;
  • еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электронды көшірмесі;
  • жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндінің электронды көшірмесі.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. өтініш;
  2. білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  3. ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификаты;
  4. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  5. дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы;
  6. екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі);
  7. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін растама құжат (бар болса);
  8. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін растама құжат (бар болса).

6), 7), 8) және 9) тармақшаларда аталған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖКОБҰ дайындық бөлімдерін күшейтілген тілдік дайындықпен бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ басшысы қол қойған бітіргені туралы транскриптіні ұсынады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:

  1. еңбек кітапшасы;
  2. ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  3. қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;
  4. бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
  5. жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;
  6. жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;
  7. жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.           

Әлеуметтік қолдау алу үшін қызмет алушы ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына ұсынады:

Қызмет көрсету нәтижесі

ПОРТАЛҒА ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ:

Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ БЕРУШІГЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНҒА ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ:

Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік, сондай-ақ ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден негіздемелі бас тарту