Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі

Қызметтің толық атауы
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторланып, "Онлайн қызметке тапсырыс" батырмасын басу.
  2. Міндетті жолдарды толтырып, қажетті құжаттардың электронды нұсқаларын тіркеу.
  3. Өтінімге ЭЦҚ (Электронды цифрлы қолтаңба) қою.
  4. Жеке кабинеттегі "Қызмет алу тарихы" бөліміндегі жазба арқылы статусты парақшаға өту статусты парақшаға өтіп өтінімді келісу.
  5. Жеке кабинетте ("қызмет алу тарихы" бөлімінде) қызмет көрсету нәтижесімен танысу.
  6. Порталдан құжаттарды қызмет көрсету нәтижелерімен жүктеу және шығарып алу.
  7. Жауапта көрсетілген мекенжай бойынша әділеттің аумақтық органдарына барып Жалғының (Ереженің) телнұсқасын алу үшін құжаттардың басылып шығарылған нұсқаларын қосып тапсыру.

Қызмет көрсету нәтижесі

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасы немесе бас тарту туралы хабарлама жолданады.