Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні 

Қызметтің толық атауы
Включение в реестр платежных организаций, прошедших учетную регистрацию в Национальном Банке Республики Казахстан

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Төлем ұйымы қызметті үлгілік жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, жарғы.
  3. Төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтері бойынша ақша аударымын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжат.
  4. Төлем ұйымының басқару органы бекіткен, төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.

Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларының міндетті талаптарының тізбесі Ережеде белгіленеді.

Қызмет көрсету нәтижесі

Төлем ұйымының көрсетілетін қызметті берушіде есептік тіркеуден өткені туралы тіркеу нөмірін көрсете отырып хабарлама не  мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап