Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру мемлекеттік қызмет

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

1) Куәлікті беру

Өзге тақырыптағы - 5 АЕК

Балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы - 2 АЕК

2) Түпнұсқаны беру

Өзге тақырыптағы - 4 АЕК

Балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы - 1,6 АЕК

Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою - тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирус індетінің өршуін тоқтату және оқшаулау шараларын қатайту үшін ХҚКО карантин кезеңінде жұмысын тоқтатты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер онлайн алуға болады, сондай-ақ кейбір көрсетілетін қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile, Telegram-бот eGovKzBot2.0 ұялы қосымшаларда және Facebook пен VK әлеуметтік желілерде қолжетімді. 

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы куәлiк, отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы телнұсқаны беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап