Көмірсутектер және уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасу (қол қою)

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

20 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Көмірсутектер және уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасу (қол қою)

Қызметті онлайн алу

  1. БМБЖ жүйесінде авторизациядан өту.
  2. Өтінімді толтыру және өтінімге ЭЦҚ -мен қол қою, қажетті құжаттардың сканкопияларын тіркеу. 
  3. БМБЖ-да "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" қосымша бетіндегі "өтінімдер журналы" бөлімінде нәтижемен танысады.

Қоса берілетін құжаттардың ең көп көлемі 100 Мб аспауы тиіс.

 

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:

  1. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш.
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшарт.
  3. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасы.
  4. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
  5. Қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.

аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:

  1. Көмірсутектерді өндіруді жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш.
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшарт.
  3. Кодекстің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді өндіру операцияларын жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша.
  4. Қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.

тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт үшін:

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшарт.
  2. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасы.
  3. Кодекстің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша.
  4. Қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.

тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін:

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты.
  2. Кодекстің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша.
  3. Қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.

уран саласындағы тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша уранды өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген уранды өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген уранды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты.
  2. Қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген үлгілік келісімшартқа көшу жағдайында көмірсутектерді барлау мен өндіруге және өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:

  1. Көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш.
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшарт.
  3. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасын.
  4. Көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған қорларды есептеу бойынша есепті.

халықаралық шарттарға сәйкес көмірсутектерді барлау үшін келісімшарт алу үшін:

  1. Көмірсутектерді барлау үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш.
  2. Көмірсутектерді барлау үшін жер қойнауын пайдалануға арналған өз тарапынан қол қойылған келісімшарт.
  3. Көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалған барлау кезеңінде жұмыстарды орындау көлемдерін, сипаттамасын және мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасы.
  4. Қол қойылатын бонусты төлеу туралы төлем тапсырмасының түпнұсқасы.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.