Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

кен орны ірі кен орны емес және жер қойнауының стратегиялық учаскелері емес болған жағдайда - 20 жұмыс күні;

ірі кен орындары және жер қойнауының стратегиялық учаскелері бойынша - 60 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы

Қызметті онлайн алу

  1. БМБЖ жүйесінде авторизациядан өту.
  2. Өтінімді толтыру және өтінімге ЭЦҚ -мен қол қою, қажетті құжаттардың сканкопияларын тіркеу. 
  3. БМБЖ-да "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" қосымша бетіндегі "өтінімдер журналы" бөлімінде нәтижемен танысады.

Қоса берілетін құжаттардың ең көп көлемі 100 Мб аспауы тиіс.

 

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы үшін:

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы өтініш.
  2. Сатып алынатын жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер туралы растайтын құжаттар.
  3. Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу ниеті бар тұлғаның қаржылық және техникалық мүмкіндіктерін растайтын құжаттар;

жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру үшін:

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы өтініш.
  2. Акциялары немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын басқа да бағалы қағаздары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымға шығаруға жататын эмитент-ұйымның жарғысының және/немесе жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтерді растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі.
  3. Ұйымның бағалы қағаздары, оның ішінде туынды бағалы қағаздары, олардың базалық активтері немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын үлестік қатысудың басқа да нысандары туралы мәліметтерді растайтын және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымға шығаруға жататын құжаттар.
  4. Андеррайтердің болуын (болмауын) растайтын құжаттар.
  5. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бұрын орналастырылған акцияларды қоса алғанда, акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың нақты санын, түрлерін растайтын құжат.

Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, мұндай құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде де жасалуы мүмкін.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру.