Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Қол қою бонусының мөлшері:
Ауданы 0,3 км2 - 9 АЕК;
Ауданы 0,3-тен 0,5 км2-ге дейін - 12 АЕК;
Аумағы 0,5-тен 0,7 км2-ге дейін - 15 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі

7 жұмыс күні

 

Қызметтің толық атауы
Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе тіркелу «электрондық лицензиялау» порталында.
  3. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы – «Менің хабрламаларым » тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

лицензия алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса.
  3. Кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттың көшірмесі.
  4. Өтініш беруші бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтар тізбесі, сондай-ақ ынта учаскесінде өткізу жоспарланып отырған кен іздеушілік бойынша жұмыстардың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасы бар құжат.
  5. Жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі.
  6. Кен іздеушілік жоспары.

Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариат куәландырылуға тиіс.

Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс.

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

  1. Өтініш.

Қызмет көрсету нәтижесі

Кен іздеушілікке арналған лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді түрдегі жауап.