Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқымдарды іске асырушыларды аттестаттау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өту және аттестаттау туралы куәлік алу үшін 10 жұмыс күні ішінде.
Аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде - өтініш тіркелген сәттен бастап 4 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқымдарды іске асырушыларды аттестаттау

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Аттестаттау туралы куәлік, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.