Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

Ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіруді жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес.

Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшерме беру – 30  минут.

Сырғалар жоғалған, бүлінген кезде  қайталама мемлекеттік қызмет жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 2  жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Қызметтің толық атауы
Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

Ауыл шаруашылық жануарларын бастапқы сәйкестендіру үшін

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлiгi.
  3. Чиптерді төлеу туралы түбіртек (чиптеу кезінде).

Сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде/ветеринариялық паспорттың екінші нұсқасын алу үшін/ветеринариялық паспорттың екінші телнұсқасын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру өткізу үшін:

  1. 123 қосымшаға сәйкес өтініш.
  2. Жеке куәлiгi.

Қызмет көрсету нәтижесі

Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап