Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

7 жұмыс күн (15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларды қоспағанда)

Қызметтің толық атауы
Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды алу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.