Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
Қызмет құны

Тарифке сәйкес

Қызмет көрсету мерзімі

Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы сертификат беру - 20 жұмыс күні.

Егер қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болса, қарау мерзімі 20 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Қызметтің толық атауы
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

1) Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алғашқы алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті берушіде тіркеген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің көшірмесі.
  3. Егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы Шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі.
  4. Үлгі сертификатының немесе оған балама құжаттың шет мемлекеттің, әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын және қызмет беруші деп танылған көшірмесі.
  5. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын мәліметтердің көшірмесі.
  6. Бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) көшірмесі.
  7. Әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттың көшірмесі (қайта жабдықтау кезінде).
  8. Жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын дайындаушы зауыт сертификатының көшірмесі.
  9. Уәкілетті ұйым бекіткен алдыңғы пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшуі бойынша қосымша жұмыс көлемі туралы құжаттың көшірмесі.
  10. Орталықтандыру және тиеу деректерін көрсете отырып, қолданыстағы құрастыруда әуе кемесін өлшеу жөніндегі деректердің көшірмесі.
  11. Үлгі конструкцияға жауапты ұйым жасаған ең аз жабдықтың негізгі тізбесі болған кезде пайдаланушы жасаған ең аз жабдықтың бекітілген тізбесінің көшірмесі.
  12. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі.
  13. Өтініш уәкілетті ұйымда тіркелген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұшу жарамдылығы директивалары, әзірлеуші ұйымның бюллетеньдері, ресурстары шектеулі агрегаттар, орындалған модификациялар мәртебелерінің көшірмесі.
  14. Ұшу сынақтарының нәтижелері туралы баяндаманың көшірмесі.
  15. Барлық борттық тұтынушыларды ескере отырып, электрмен жабдықтау жүйесіндегі жүктемелерді талдау материалдарының көшірмесі.
  16. RNAV, MNPS және Cat. III бойынша әуе кемесінің рұқсатын растайтын құжаттардың көшірмесі.

2) Бұрын ұшу жарамдылығы сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің көшірмесі.
  3. Егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы Шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі.
  4. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын мәліметтер көшірмесі.
  5. Ұшу жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың көшірмесі.

3) Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын ұзарту үшін:

  1. Өтініш.
  2. Техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің көшірмесі.
  3. Егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттардың және қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі.
  4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 Бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15663 болып тіркелген) Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдалығы туралы бағалау актісі.
  5. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын мәліметтер көшірмесі.
  6. Модификацияның қолданылуы көрсетілген дана сертификатының көшірмесі.
  7. Бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) көшірмесі (бастапқы беру кезінде).
  8. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқауда (бастапқы беру кезінде) ең аз жабдықтың негізгі тізбесі болған кезде пайдаланушы жасаған ең аз жабдықтың бекітілген тізбесінің көшірмесі.

4) Азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын ұзарту үшін:

  1. Өтініш.
  2. Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің көшірмесі.
  3. Егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалға алу туралы шарттардың және қабылдау тапсыру актісінің көшірмесі.
  4. Ұшу жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың көшірмесі.

1) 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері мөрмен (ол болған кезде) және өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен куәландырылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын ұзарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.