Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Оқу бағдарламасын толық меңгерген сәттен бастап біліктілікті арттыру және сертификаттау курстарының ұзақтығына қарамастан, оқуды аяқтағаннан кейін біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беру – 1 жұмыс күні (оқу бағдарламасын толық меңгерген жағдайда).

Қызметтің толық атауы
Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Біліктілікті арттырудан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік немесе біліктілікті арттырудан өткені туралы анықтама.
Сертификаттық курстан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру сертификаттық курс туралы куәлік немесе сертификаттық курстан өткені туралы анықтама.