Банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына банк операцияларды және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия - 800 АЕК

Қайта рәсімдеу - Лицензиялық алымнан 10%

Көшірмесі - Лицензиялық алымнан 10%

Қызмет көрсету мерзімі

Рұқсат - 30 жұмыс күн;

:аңадан құрылатын банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің ашылып жатқан филиалы) үшін – 10 жұмыс күн;

Қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күн;

Көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;

Көшірмесі -2 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы
Банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына банк операцияларды және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):

Қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін .

  1. Өтініш.
  2. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлемін растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттарын анықтайтын қағида.

Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса)

  1. Еркін нысанда жазылған өтініш.
  2. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін

  1. Өтініш.
  2. Лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операциясын және өзге де операцияны алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе).
  3. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  4. Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері.

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса берумен лицензияның телнұсқаларын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.