Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензиялық алым  - 10 АЕК.

Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн - лицензиялық алымның 10 %-ы.

Лицензияның телнұсқасы - лицензиялық алымның 100 %-ы.

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру - 4 жұмыс күні

Лицензияны қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні

Pаңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу - 4 жұмыс күні

Лицензияның телнұсқасын беру - 2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.