Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Патент негізіндегі шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жүгінген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан (ұзарту, қайта бастау) бас тарту туралы мәліметтер – көрсетілген өтінішті тіркеген күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан (ұзарту, қайта бастау) бас тарту туралы мәліметтер – көрсетілетін қызметті алушы өтінішті берген күні

Қызметтің толық атауы
Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қойыңыз (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

*Қызметті алу үшін өтініш беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелуі тиіс. Онлайн қызметті Астана қаласының тұрғындары ала алады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушы не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі жүгінген кезде:

Патент негізіндегі шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушылар:

  1. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш – қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда.
  2. Салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтық есептілікті ұсынады – қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда.
  3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш – қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеуші қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда.

Патент негізіндегі шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын көрсетілетін қызметті алушылар (жеке кәсіпкерлер):

  1. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш – қызметті тоқтата тұру немесе патент құнының есеп-қисабын ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда;
  2. Қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге есеп-қисап – қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан (ұзарту, қайта бастау) бас тарту туралы мәліметтерді салықтық есептілікті тоқтата тұру немесе тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешімді қабылдаған күннен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсына жариялау болып табылады.