«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

11 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

Қызметті порталда қалай алуға болады:

  1. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға электрондық өтінім.
  2. Қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі.
  3. Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен).

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) немесе Веб-порталда тіркеу нөмірі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар)

  1.  Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім.
  2.   Бизнес-жоспар.
  3.  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (2014 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген).
  4. Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен).

Қызмет көрсету нәтижесі

Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап