«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

29 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

Қызметті порталда қалай алуға болады:

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға:

Нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы және (немесе) Бағдарламасы шеңберінде 2 жылдан аспайтын ескіру мерзімі бойынша көрсетілетін қызметті алушының оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақшалай қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды).

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) немесе Веб-порталда тіркеу нөмірі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

 

Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға:

1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін).

2. Көрсетілетін қызметті берушінің веб-порталына орналастырылатын мемлекеттік гранттар беру нысаны бойынша мемлекеттік гранттар беру конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімді.

3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама (тиісті ақпараттық жүйелерден алынады).

4. Өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманы.

5. Өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтаманы.

6. Бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жобаны.

7. Қызметті алушының оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесін.

8. Үшінші тұлға өтінім берген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының атынан өтінім беру құқығына нотариалды куәландырылған сенімхатты.

9. Берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растайтын құжаттар. Бұл ретте жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

10. Көрсетілетін қызметті алушыда халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжатты ұсынады. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының мәртебесі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Грант беру туралы шарт не мемлекеттік грант беру бойынша Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.