Мобильдік үкімет бойынша сауалнамаға қатысыңыз!

Жариялау күні: 2014 жылғы 18 тамыз

Еgov.kz порталында азаматтардың электрондық үкіметтің сол немесе өзге де мобильдік сервистерін пайдалануға дайындығын, сондай-ақ олардың қажеттілігін бағалауға көмектесетін сауалнама іске қосылды. Алынған ақпарат Қазақстан Республикасының «Мобильдік үкіметі» жобасын іске асыру аясында ескерілетін болады. 

Сауалнамаға қатысу үшін egov.kz электрондық үкімет порталына кіру, «Көлік және коммуникация» бөлімін, сонан соң «Коммуникациялар» салымын таңдау, пайда болған тізімде «Мобильді құрылғылар үшін қызметтер мен сервистер жөніндегі сауалнаманы» табу қажет. Сонымен қатар сауалнамаға тікелей сілтеме бойынша өтуге болады: http://goo.gl/xEHms8. 

Әзірлеушілер атап өткендей, сауалнама барлығы 15 сұрақтан ғана тұрады және оны толтыру көп уақытты қажет етпейді. Бұл ретте әрбір пікір «Мобильдік үкімет» жобасы мамандарымен міндетті түрде зерделеніп және ескерілетін болады. 

Жыл басында қазақстандықтар мобильдік құрылғымен қандай қызметтер мен сервистерді алғысы келетіндігі туралы сауалнамаға қатысқан. Барлық алынған деректер ендігі осы жылы мобильдік үкімет платформасында қолжетімді болатын 50 қызметтерді таңдаған кезде ескерілген болатын.