Астанада электрондық үкімет қызметін жариялаған журналистер марапатталды

Жариялау күні: 2013 жылғы 29 қараша

Бүгін Астанада Қазақстанның электрондық үкімет қызметін үздік жарияланымдар конкурсының қорытындысы болды.

Іріктеу бес номинациялар бойынша өткізілді: үздік телевизиялық сюжет, үздік радиоматериал, үздік баспа жарияланымы, ең пайдалы блог және үздік әуесқой бейнеролик. Жұмыстарды қабылдау 2013 жылғы 26 тамыздан бастап 7 қарашаға дейін өтті. Барлығы 46 әртүрлі материалдар келіп түсті.

Әділқазылар үздік жарияланымдарды анықтады, оның құрамына кіргендер: 

С.С. Сәрсенов – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Вице-министрі.
Б.Б. Мусин – ҚР ККМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсетуорталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы.
Р.С. Еңсебаев– «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы».
Д.М. Саудегерова– «7 арна» ақпараттық бағдарламалар департаментінің директоры.
Базмухаметова А.М. – «BNews.kz» АА бас редакторының орынбасары.

Әрбір санаттан жеңімпаздар болғандар:
 

  1. Үздік телевизиялық сюжет– «Үкімет пен әлеумет» - Ғани Жапишов (Хабар), Астана қ.
  2. Үздік радиоматериал – «Халықтың электрондық үкіметті пайдалану көрсеткіші» - Cыбанжанова Раушан (Павлодар облыстық радиосы, Павлодар қ.
  3. Баспа немесе интернет-басылымдардағы үздік материал (материалдар сериясы) – «Үйден шықпай-ақ жылжымайтын мүлік қызметтері» - Нина Вербовая («Қазақстанның Жылжымайтын мүлігі» газеті), Қарағанды қ.
  4. Ең пайдалы блог «Egov жаңа қызметі — емхана тіркеу!» - Қанат Төреқожа, Астана қ.
  5. Үздік әуесқой бейне ролик – «Дара, жеке кәсіпкерді, тіркеу есебі» - Салават Хидоятов, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Әрбір жеңімпаз, сертификаттан басқа, ноутбук алады. Конкурстың қалған қатысушылары ҚР ККМ Вице – министрі Сакен Сәрсеновтың атынан ескерткіш грамоталармен ынталандырылды.