Электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасының жаңа қызметтері

Жариялау күні: 2013 жылғы 29 қараша

Төрт жаңа е-қызмет eGov мобильдік қосымшасы арқылы қолжетімді болды. Олардың барлығы жылжымайтын мүлік саласына қатысты, атап айтқанда:

  • жылжымайтын мүліктің болмауы және болуы туралы анықтама
  • жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама
  • мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезектің нөмірін қарау
Бірінші үш қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етіледі.

Мобильдік қосымшаны iOS және Android платформаларындағы телефондардың барлық пайдаланушылары пайдалана алады. Қосымшаның жаңа нұсқасында iOS7 қолдауының жақсартылғаны, сондай-ақ жұмыс тұрақтылығының да маңызы кем емес.

Жүктегеннен кейін, www.eGov.kz порталының веб-нұсқасына енгізілген деректерді (ЖСН және пароль) енгізе отырып, авторландыру қажет. Бұдан кейін мәзірде қажетті санат таңдалады – қазіргі кезеңде олардың саны 7 – және тиісті қызмет. Әрқайсысы аул мерзімі және басқа қосымша ақпарат көрсетілген сипаттамамен сүйемелденеді.

Қазіргі таңда eGov электрондық үкімет мобильдік қосымшасы арқылы 16 әр түрлі қызметтер мен сервистер қолжетімді. Олардың ішінде: балабақшаға кезекке қою, мекенжай анықтамасын алу, айыппұлдарды, салықтар мен коммуналдық қызметтерді төлеу.

Жақын арада мобильдік қосымшалар арқылы ХҚКО-на кезекті брондауды іске асыру жоспарланып отыр.