Мемлекеттік қызметтер бойынша тегін кеңес алып, iPad ұтып ал!

Жариялау күні: 2013 жылғы 25 қараша

Бүгін «Мемлекеттік қызметтер бойынша тегін кеңестерге жүгініп, планшет ұтып ал» атты 1414 Бірыңғай байланыс орталығының акциясы басталды.

1414 тәулік бойғы қызметіне 20 желтоқсанға дейін қоңырау шалып (Қазақстанның барлық байланыс операторларының пайдаланушылары үшін қоңырау тегін) және «планшет» кодттық сөзін атаса Ipad mini ұтыс ойынының қатысушысы болады.

Кеңеске өтініш білдіргендердің үлкен саны ұтыс мүмкіншілігін арттырады.

Жеңімпаз кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Комиссия 22- 27 желтоқсан аралығында қорытынды шығарады және жеңімпазбен телефон бойынша хабарласады. 48 сағаттың ішінде
5 сәтсіз қоңырау шалу әрекеті болған жағдайда, ұтыс ойыны балама «кездейсоқ» әдіспен қайта өткізілетінін атап өтуіміз тиіс.

Акцияға Қазақстанның азаматтары сияқты, Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатын алған шетел резиденттері де қатыса алады.

Әрбір 1414 нөміріне қоңырау шалғандар қалай, қайда және қандай мерзімде сол немесе өзге де қызметті алуға болатындығы, қандай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы нақты ақпаратты алатындығын атап өтеміз.

Азаматтың қызметке қандай тәсілмен: электрондық үкімет порталы, ХҚКО немесе мемлекеттік органға тікелей тапсырыс бергені маңызды емес. Азаматтар үшін кез келген оператордан қоңырау шалу тегін, ал қызметтер тәулік бойы қолжетімді.