2013 жылы электрондық үкімет порталы арқылы төлемдердің сомасы 1 миллиард теңгеден артты

Жариялау күні: 2013 жылғы 18 желтоксан

Ағымдағы жылы қазақстандықтар электрондық үкімет порталы арқылы миллиард теңгеден артық сомаға төлемдер жүргізді.

Аталмыш көрсеткіш рекордтық болып табылады: өткен жыл бойында eGov.kz арқылы транзакциялардың сомасы шамамен 140 миллион теңгені, ал
2011 жылы 19,5 миллион теңгені құрады. 

Бұл ретте портал пайдаланушылары көбіне айыппұлдар және өсімдерді төлейді – олардың үлесіне барлық төлемдердің 27% тиесілі. Төлем опциясының танымалдығы бойынша екіншісі – көлік салығы – транзакциялардың жалпы санының шамамен 18%. Үшінші орында – жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен мәмілелерді тіркеу  үшін алымдар – төлемнің жалпы сомасынан 15%. Төлемнің шамамен 10% азаматтық хал-актілерін тіркеу және жеке басты куәлаңдыратын құжатты беру үшін мемлекеттік баж салығына тиесілі. Пайдаланушылардың тағы да 7%  заңды тұлғаны тіркеу үшін алымды интернет арқылы төлейді. Қалған бөлігі – коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, әр түрлі мемлекеттік алымдар, баж және салықтарды төлейді.

Электрондық үкімет порталының төлем сервисін пайдалану үшін авторланғаннан басқа, кез келген қазақстандық банктің төлем картасының, шот-өтінімі немесе жеке шоттың болуы ғана  қажеттігін естеріңізге саламыз.

Қазіргі уақытта eGov.kz  мемлекеттік алымдардың 21 түрін, мемлекеттік баж салықтарының 17 түрін, салықтардың 4 санатын,  жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды, сондай-ақ мобильдік байланыс және «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін төлеуге болады. Портал арқылы коммуналдық қызметтерге онлайн-төлемдерді Алматы, Астана және Қызылорда қалаларының тұрғындары төлей алады.